Енді өрт сөндірушілер де әскери қызметшілермен тең тұрғын үй төлемдерін алатын болды

Автор: Асыл Арман

Қауіпсіздік күзетінде жүргендерге мемлекеттік қамқорлық күшейтілді

Фото: ҚР ТЖМ

Үкімет қаулысымен азаматтық қорғау органдары лауазымдарының тізбесі бекітіліп, ТЖМ қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері белгіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, бұл шешім күн сайын ел қауіпсіздігін қорғауда және азаматтық қорғаудың маңызды міндеттерін орындайтын ТЖМ қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды нығайтудағы тарихи қадам болды.

Осы сәттен бастап, ТЖМ қызметкерлеріне әскери қызметшілермен бірдей тұрғын үй төлемдерін алу құқығы берілді. Бүгінгі таңда ТЖМ қызметкерлерін тұрғын үйге мұқтаж деп тану және тиісті төлемдерді тағайындау бойынша жоспарлы жұмыстар басталды.

«Бұл шараны жүзеге асыру тек қағаздылық қана емес, Отанға, қоғамға және Қазақстанның әрбір азаматына адал қызмет ететіндерге мемлекеттік қамқорлықтың жарқын үлгісі болып табылады.

Бұл – әділдікке, мәртебені нығайтуға және өз еңбегімен күн сайын адамдардың қауіпсіздігі үшін өзін құрбан етуге адалдығы мен дайындығын дәлелдейтін қызметкерлерді лайықты қамтамасыз етуге бағытталған қадам», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.