Қазақстанда төлқұжаттың жаңа түрі пайда болды – ескісін ауыстыру керек пе

Автор: Бақыт Шынар

Ішкі істер министрлігі бұған дейін берілген құжаттар жарамды дейді

Фото: polisia.kz

Қазақстанда қорғаныс деңгейі жоғары төлқұжат беріле бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, барыстың суреті бар жаңа HDM-элемент азаматтардың жеке деректерін сақтап, жалған төлқұжаттың алдын алады.

«Бұрын берілген төлқұжаттар мерзімі өткенше жарамды болып қала береді. Оны жаңа төлқұжатқа ауыстырудың қажеті жоқ. Жаңа элементі бар төлқұжат ескі паспорттың мерзімі өткен кезде немесе жеке азаматтың өз қалауы бойынша беріледі», - деп түсіндірген ІІМ.

Жаңа элементі бар паспортты 5 мың азамат алыа үлгерген.