Әнші Рианна үшінші сәбиін босанды

Автор: Асыл Арман

Жұлдызды жұптың екі ұлы бар

Фото: instagram.com/badgalriri

Америкалық әнші Рианна мен рэпер A$AP Rocky-дің үшінші сәбиі дүниеге келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сүйінші жаңалықты Рианна Instagram парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, қыздары 13 қыркүйекте өмірге келген. Бұл жаңалық шамамен екі апта бойы құпия сақталып келген. Сәбиге Роки Айриш есімі берілді.

Әртістердің бұған дейін дүниеге келген екі ұлы бар: үш жастағы RZA және екі жастағы Райот.

Әнші өзінің үшінші жүктілігі туралы мамыр айында Met Gala кешінде Marc Jacobs брендінің сәнді киімімен көпшілік алдына шыққанда жария еткен болатын.

Сонымен бірге, Рианна мен A$AP Rocky әзірге заңды түрде некесін қимаған. Жұлдызды жұп жасырын түрде үйленіп алды деген қауесеттерге қатысты рэпер пікір білдіріп, әзірге растай алмайтынын айтқан.

Қызының дүниеге келуі рэпер үшін ерекше маңызды оқиға болды. Ол қызды болу арманы болғанын жасырған жоқ.

«Бұл жолы қыз болса екен деп тіледік. Алғаш рет жүктілік кезінде жынысын білгіміз келді, екінші рет білмедік. Үшінші жолы да тосынсый болсын деп шештік», – деді әртіс.