Бейсенбі күні еліміздің солтүстігінде жаңбыр жауады, ал оңтүстігінде шаңды дауыл соғады
«Қазгидромет» 2025 жылдың 25 қыркүйегіне, бейсенбіге жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақмола облысында күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 11-16 м/с, күндіз 24-29 м/с жылы болады. Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 25-27 градус болады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан түнде 3-8 м/с жел соғады, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 26-28 градус жылы.
Алматы облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, оңтүстікте, облыстың таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 7-12 жылы, облыстың таулы аудандарында 3 градус аяз болады. Қонаев қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 21-23 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12°, күндіз 20-22° жылы болады.
Жетісу облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында және солтүстігінде кей жерлерде 23-28 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10 , орталық аймақта 2° жылы, таулы аймақтарда 1° суық, күндіз 20-25, таулы аймақтарда 15 градус жылы болады. Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 22-24 жылы болады.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады, солтүстік және таулы аймақтарда екпіні 15-20 м/с, таулы аймақтарда 23 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 10-15°С, таулы аймақтарда 6°С-қа дейін көтеріледі, күндіз 27-32°С, таулы аймақтарда 22°С-қа дейін жетеді. Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Түнде ауа температурасы 12-14°С, күндіз 28-30°С дейін көтеріледі.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Түнде ауа температурасы 11-13°С, күндіз 27-29°С дейін көтеріледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 9-14°С жел соғады, күндіз облыстың батысында және солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы 10-15°С, күндіз 15-20°С, облыстың оңтүстігінде 25°С-қа дейін көтеріледі. Оралда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 18-20°C.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 9-14, күндіз 25-30°C. Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз. Батыстан, оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 27-29°C.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстік-батысында 18, күндіз 23-28° жылы. Ақтау қаласында: ашық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15°С, күндіз 23-25°С болады.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнде ауа температурасы 10-15°С, облыстың солтүстігінде 7°С, күндіз 24-29°С болады. Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 6-11 м/с болады. Ауа температурасы түнде 12-14°С, күндіз 26-28°С болады.
Қостанай облысының солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 12-17°С, күндіз 25-30°С болады. Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 13-15°, күндіз 26-28° жылы болады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 жел соғады, екпіні 25 м/с болады. Ауа температурасы түнде 11-16°, күндіз 22-27° жылы болады. Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 13-15°, күндіз 24-26° жылы болады.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында және солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9-14 жел соғады, облыстың батысы мен оңтүстігінде күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 9-14°С, күндіз 23-28°С болады. Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13°С, күндіз 24-26°С болады.
Қарағанды облысында жауын-шашын болмайжы. Оңтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Түнде ауа температурасы 5-10 , күндіз ауа температурасы облыстың оңтүстігінде 13, облыстың шығысында 21-26 градус жылы. Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады, түнде ауа температурасы 8-10 , күндіз 23-25 градус жылы болады.
Ұлытау облысында жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнгі ауа температурасы 7-12 градус жылы болады.