Қазақстанда сораның кейбір сұрыптарын өсіруге рұқсат етілді

Автор: Алмас Ерсін

Үкімет есірткі өндірісіне қатысы жоқ өсімдік сұрыптарының тізімін бекітті

Фото: istockphoto.com

Қазақстан үкіметі сораның кейбір сұрыптарын өнеркәсіптік жолмен өсіруге рұқсат беретін қаулы шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy үкімет сайтына сілтеме жасап.

«Қоса беріліп отырған есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігінің сорттары бекітілсін», - деп жазылған қаулыда.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Рұқсат етілген сұрыптар тізімімен Премьер-министрдің ресми сайтында танысуға болады.