Доллардың ресми бағамы жарияланды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 542,8 теңгені құрап, 2,11 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің ресми бағамы 24 қыркүйекке 545,01 теңге болып белгіленді.
Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 542,38 теңге, сату бағамы – 544,36 теңге. Ал Астанадағы айырбастау орындарында доллар орташа есеппен 539,57 теңгеден сатып алынып, 544,59 теңгеден сатылуда.
Еске салайық, 22 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысында доллардың орташа бағамы 1,33 теңгеге, ал 23 қыркүйекте 2,08 теңгеге көтерілген болатын.