Алматыдан Ташкентке шыққан пойызда 9 жасар бала есінен танып қалды

Автор: Асыл Арман

Оған уақытында медициналық көмек көрсетілді

Фото: istockphoto.com

Алматыдан Ташкентке шыққан пойызда 9 жасар бала есінен танып қалды. Оқиғаға қатысты ҚТЖ мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ  «Экспресс» филиалының жолсерігі Қуатбек Дауылбаев Алматы-Ташкент пойызында есінен танып қалған 9 жасар баланың өмірін сақтап қалды. Ол уақытында алғашқы медициналық көмек көрсетті.

«Жауапкершілік пен ұқыптылықтың арқасында ол жас жолаушының өмірін сақтап қалды», – делінген ҚТЖ хабарламасында.