Әйел адам полицияға шағымданды
Түркістан облысының Сарыағаш қаласында әйелін ұрып тәрбиелеймін деген ер адам түрмеден бір-ақ шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сарыағаш аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын өзінің заңды некедегі күйеуінен тұрмыстық зорлық-зомбылық көргені туралы арыз түсірді.
Тексеру нәтижесінде полицейлер ер адамның әрекетін дәлелдеді. Сот шешімімен ол кінәлі деп танылып, әкімшілік қамауға алынды.
Полиция мәліметінше, жыл басынан бері Сарыағаш ауданында 69 азамат тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік қамауға алынып, профилактикалық есепке алынған.
Сарыағаш аудандық полициясы азаматтарға үндеу жасады: