Қабатовтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады – әзілкеш не жағдай болғанын түсіндірді

Автор: Алмас Ерсін

Әзілкеш 15 күннен бері Алматы қаласында жүргенін айтты

Фото: instagram.com/tursynbek_kabatov_official

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов өзінің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ассалаумағалейкум, достар! Армысыздар, ағайын! Кейбір сайттарда Тұрсынбек массажға барыпты деген жалған ақпарат тарап жатыр. Оған сенбеуді сұраймын. Мен ешқайда бармадым, ешкімге ұсталмадым. Бәлкім, концертімнің алдында біреулер аяғымнан шалғысы келген шығар. Бұл өтірік ақпарат, мен 15 күннен бері Алматы қаласындамын. Бір аптадай бағдарлама жүргіздім. Қала күні болды, екі күн соны жүргіздім. Бүгін де Алматы қаласында бір іс-шарада жүрмін. Ешқандай Манхэттен деген жерді білмейді екенмін. Дәлелсіз, өтірік ақпарат таратып жатыр», - деді әзілкеш.

Еске сала кетейік, бүгін кейбір сайттар мен әлеуметтік желіде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың интим массаж салонында  ұсталғаны туралы қауесет тараған болатын.