Апаттан бірнеше адам зардап шекті
Елордада түнде болған жол апатында бірнеше жүргізуші мен жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
21 қыркүйекке қараған түні Астанада Керей Жәнібек хандар көшесі мен Сауран көшесінің қиылысында үш көлік қатысқан жол апаты болды.
Полиция дерегінше, Geely автокөлігінің жүргізушісі жолақ ауыстырмақ болған сәтте алдындағы Toyota көлігіне соқтығысқан. Одан кейін ол қызыл жарыққа өтіп, қиылыста тұрған Chevrolet көлігіне соғылған.
Қатты соққыдан Chevrolet жарық шам тірегіне және қоршауға соғылды.
Апат салдарынан Geely мен Chevrolet көліктерінің жүргізушілері мен жолаушылары түрлі жарақаттар алды. Олар дереу ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, Chevrolet жүргізушісі қосымша тексеруден кейін ауруханаға жатқызылды.