«Әлемдегі ең үлкен түйе керуені» Гиннес рекордын жаңартпақ
2025 жылдың 20 қыркүйегінде Алматы облысындағы Іле ауданының Күрті ауылдық округінде тарихи оқиға болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өңір әкімдігінің мәліметінше 1000 түйеден құралған әлемдегі ең үлкен керуен 1 шақырым жолды жүріп өтіп, бұған дейін Қытайда тіркелген 365 түйелік көрсеткіштен үш есеге асып түсті.
Мақсат – ұлттық рухты жаңғырту, көшпелі мәдениетті дәріптеу және туризмді дамыту.
«Мың түйеден құралған бұл керуен – халқымыздың ұлы мұрасын әлемге паш еткен тарихи оқиға», - деп атап өтті Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы.
Гиннес рекордтар кітабының өкілі Ричард Стэннинг мұндай ауқымды түйе керуенін алғаш рет көріп отырғанын айтты.
«Бұл – әлемдік қазына», – деп бағалады ол.
Бұл жетістік Қазақстанның мәдениеті мен туризмін жаңа деңгейге көтеретін үлкен қадам болды.