«Ұлы дала жорығы-2025»: бірінші күннің қорытындысы жарияланды

Автор: Алмас Ерсін

Бірінші кезеңде Қырғыз Республикасының екінші командасы жеңімпаз атанды

Фото: «Ұлы дала жорығының» ұйымдастыру комитеті

20 қыркүйек күні халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ұлы дала жорығының» ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап.

Түс ауа 18 команда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы,  Торғай ауылынан жорық бастап, Жангелдин ауданы Тәуіш ауылының маңынан аялдады.

«Бірінші кезеңнің яғни 50 шақырымның қорытындысы бойынша Қырғызстанның екінші командасы жеңімпаз атанды. Ұлытау облысының командасы мәре сызығына екінші болып жетсе, Қырғызстанның бірінші командасы үштікті түйіндеді», - деп жазылған хабарламада.  

                            Алғашқы 50 шақырым нәтижесі

 

 

 

Команда атауы

 

 

Уақыт

1

Қырғызстан 2

02:10:08

 

2

Ұлытау облысы

02:11:40

 

3

Қырғызстан 1

02:14:10

 

4

Жетісу облысы

02:14:20

 

5

Абай облысы

02:15:47

 

6

Қостанай облысы -1

02:24:30

 

7

Алматы облысы

02:26:56

 

8

Қабардин-Балқар (РФ)

02:28:03

 

9

Маңғыстау облысы-

Көкмойнақ

02:30:13

 

10

 

Қостанай облысы 2

 

 

02:31:53

 

11

 

Маңғыстау облысы-Суын

02:33:40

 

12

 

          ШҚО

02:36:11

 

13

 

 Астана қаласы

02:40:26

 

14

 

Ақтөбе облысы

02:41:07

 

15

 

Алматы қаласы

02:43:53

 

16

 

 Атырау облысы

03:05:39

 

17

 

Бірлік командасы

03:20:03

 

18

БҚО

Жарыстан шығып қалды

Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Қостанай облысының аумағын қамтиды. Марафон 25-қыркүйек күні Қостанай облысы Арқалық қаласының  маңында мәреге жетеді.

  • Қолдау көрсетушілер: «Amanat» партиясы және Қостанай облысының әкімдігі
  • Жобаның басты серіктесі: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы
  • Ақпараттық серіктестер: «Хабар», «Қазақстан» «Астана» телеарналары.

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысып, шабандоздар мен атбегілерге бар мүмкіндікті жасап жатқан Қостанай облысының әкімдігіне және облыс тұрғындарына алғыс айтамыз.

Жоба Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өтіп жатыр. «Ұлы Дала Жорығы» – үздік жылқы тұқымы анықталатын далалық лаборатория.

Марафон жаңалықтарын www.joryq.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілерде бақылаңыз: fb - JORYQ, Instagram - joryqofficial, Tik-Tok - JORYQ, youtube - JORYQ. БАҚ-пен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл мәселелері бойынша + 7 778 854 54 05 нөмірі бойынша Сәкен Сейітханұлына хабарласуға болады.