Ол 5021 ұпай жинады
Қазақстандық спортшы Әбиба Әбужақынова Халықаралық дзюдо федерациясының жаңартылған рейтингінде бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Judo Team хабарлауынша, 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Әбужақынова 5021 ұпай жинап, әлемдік рейтингтің шыңына көтерілді.
Оның артынан Ресей спортшысы Сабина Гилязова (4738 ұпай) екінші орынға жайғасса, үшінші орынды италиялық Ассунта Скутто (4727 ұпай) иеленді.
Бұған дейін әлемдік рейтингтің көшін тек санаулы қазақстандық дзюдошылар бастаған еді. Олардың қатарында:
Әбиба Әбужақынованың бұл жетістігі қазақ дзюдосының дамуы мен әйелдер спортындағы табыстың айқын дәлелі болып отыр.
Әбиба Әбужақынова соңғы жылдары халықаралық аренада тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Ол Азия чемпионаттарында, Гран-при және «Үлкен дулыға» турнирлерінде жүлделі орындардан көрініп жүр.
Спорт сарапшыларының айтуынша, оның қазіргі формасы 2028 жылғы Олимпиадаға сеніммен қарауға мүмкіндік береді.