Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

Автор: Дәулет Ботагөз

Денсаулық сақтау мамандары халыққа сақтық шараларын ұсынды

Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

20 қыркүйек күні бес қалада ауада зиянды қоспалар шоғырлануы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Қай қалаларда жағдай күрделі болады?

Мамандардың болжамына сәйкес, Орал, Алматы, Астана, сондай-ақ түнде Атырау мен Қостанайда қолайсыз метеожағдайлар тіркеледі. Мұндай кезде атмосферадағы зиянды қоспалар жерге жақын қабатта қалып, таралмайды.

Қолайсыз метеожағдай деген не?

Қолайсыз метеожағдай – бұл зиянды заттардың жиналуына әкелетін ауа райы құбылыстары. Оларға мыналар жатады:

  • штиль (желдің болмауы);
  • әлсіз жел;
  • тұман;
  • температуралық инверсия.

Бұл құбылыстар кезінде ауадағы ластаушы қоспалар таралмайды да, адам денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Әсіресе, өнеркәсіптік аймақтарда және көлік қозғалысы қарқынды жерлерде ауа сапасы төмендейді.

Дәрігерлердің кеңесі

Денсаулық сақтау мамандары халыққа мына сақтық шараларын ұстануға кеңес береді:

  • ұзақ уақыт ашық ауада болмау;
  •  мүмкіндігінше саябақтар мен жасыл аймақтарды таңдау;
  • көлік жолдарының жанында көп жүрмеу;
  • тыныс жолдары ауруы бар адамдар дәрі-дәрмектерін өзімен бірге ұстауы тиіс.