Олар қайырымдылық атын жамылған
Жетісу облысында полиция қызметкерлері ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, жасөспірімдерді тіркелмеген діни ағымға оқыту әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ІІМ мәліметінше, тексеру кезінде жатақхана ретінде пайдаланылған бөлмелерден шетелдік діни кітаптар мен оқу материалдары табылды.
Ұйымдастырушылардың бұрын өздерін қайырымдылық қоры немесе балалар пансионаты ретінде көрсетіп, жасырын сабақтар өткізгені белгілі болды.
Айта кетейік, биыл наурыз айында Талдықорған қалалық сотының шешімімен мұндай жалған қайырымдылық ұйымдары мәжбүрлі түрде таратылды.
Тексеру нәтижесінде:
Қазіргі уақытта аталған тұлғалардың әрекеттері бойынша тексеру жалғасуда. Нәтижесінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция жасөспірімдерді заңсыз діни сабақтарға тарту – заңды өрескел бұзу болып саналатынын және заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.