Синоптиктер болжамы белгілі болды
«Қазгидромет» РМК сенбі күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметіне жүгінсек, Қазақстанда 20 қыркүйек күні ауа райы құбылмалы болады.
Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында жауын-шашынсыз, түнде тұман түсуі мүмкін. Температура түнде 5-12°, күндіз 17-22° жылы болады.
Алматы, Жетісу және шығыс өңірлерде таулы аймақтарда жаңбыр, кей жерлерде қар аралас жауын күтіледі.
Ұлытау, Павлодар және ШҚО-да күндіз кей жерлерде бұршақ, найзағай, қатты жел байқалады. Температура түнде 2-10°, күндіз 13-20° шамасында.
Оңтүстік және батыс өңірлерде – Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, БҚО, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбенегізінен жауын-шашынсыз, күн жылы әрі ашық болады. Күндіз 23-29°-қа дейін көтеріліп, еліміздің ең жылы аймағы болып қала береді.