Ақмола облысының тұрғыны қарт кісілердің зейнетақысын ұрлап алды деген күдікке ілінді

Автор: Мөлдір Қазыбай

Оқиға Атбасар ауданында болды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Ақмола облысының Атбасар ауданында полицейлер зейнетақы төлемдерін иемдену фактісін тергеп жатыр. Бұл қылмысқа әлеуметтік қызметкер күдіктелуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Облыстық Пол департаментінің мәліметіне сүйенсек, Атбасар аудандық полиция бөліміне шетелдік тұрғыннан арыз түскен.

«Өтінішінде ол әлеуметтік қызметкер сенімхат арқылы 2025 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін әкесінің зейнетақысын алып отырғанын, алайда ақшаны өзіне бермегенін айтқан. Келтірілген залал көлемі – 868 мың теңге», – деп мәлімдеді Ақмола облыстық полиция департаменті.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тексеру барысында күдікті анықталды – ол Атбасар қаласының тұрғыны болып шыққан.

«Зейнетақы немесе өзге де әлеуметтік төлемдерді алуға берілетін сенімхатты тек жақын әрі сенімді адамдарға рәсімдеу қажет», – деп ескертті ведомство өкілдері.