Мұғалім болып қоңырау шалатын алаяқтар
Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жаңа оқу жылы басталғалы бері оқушыларды көздеген алаяқтық жағдайлары тіркеліп жатқанын хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Алаяқтар телефон арқылы хабарласып, өзін мұғалім ретінде таныстырады. Олар «электронды күнделікті қайта рәсімдеу» деген сылтаумен SMS арқылы келген кодтарды айтуды сұрайды.
Балалар мұны ата-аналарына немесе мектепке көмектесу деп ойлағанымен, шын мәнінде алаяқтарға мемлекеттік қызметтерге, онлайн-банкингке және туыстарының банк шоттарына қол жеткізуге жол ашып беріп отыр.
Министрлік SMS-кодтардың құпия екенін ескертеді:
«SMS арқылы келетін кодтар – тек ата-ананың жеке ақпараты. Оны ешкімге айтуға болмайды».
Балалардың қауіпсіздігін сақтау үшін ата-аналарға мына шараларды қабылдау ұсынылады:
Күмәнді жағдай туындағанда бірден полицияға немесе 111 байланыс орталығына хабарласу қажет.