Зайсан тұрғыны қоғамдық жұмысқа жегілді
Зайсанда пробациялық бақылауда тұрған ер адам жұбайын соққыға жыққаны үшін қоғамдық жұмысқа жегілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Yk.kz мәліметіне сүйенсек, ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 108-бабы бойынша сотталған. Тұрмыстық жанжал қол көтеруге ұласқан соң, әйелі сотқа жүгінген. Сот кінәсін дәлелдеп, артынша отбасы ажырасып кеткен.
Кейін ер адам Өскеменге көшіп, пробациялық есепке алынған. Сот шешімімен оған 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды. Қазір ол қаланы абаттандыру жұмысына тартылып жүр. ШҚО ҚАЖД мәліметінше, сотталған өз міндеттерін адал атқарып, еңбек тәртібін сақтап келеді.
Пробация қызметкерлері мұндай тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары сирек емес екенін айтады. Олардың міндеті – тек бақылау ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қолдау көрсету.
«Біздің мақсатымыз – сотталғандардың қоғамға бейімделуіне көмектесу. Біз олармен алдын алу әңгімелерін жүргіземіз, жұмысқа орналасу бойынша кеңес береміз және тұрмыстық мәселелерін шешуге жәрдемдесеміз. Ең бастысы – адам өз қателігін түсініп, қайтадан заң бұзушылыққа бармауы керек, – деді пробация қызметінің бастығы Ерасыл Бауыржанұлы.