Сығанақ көшесі мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысы ішінара жабылады
Астанада LRT құрылысына байланысты жол қозғалысы уақытша шектелетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
City Transportation Systems мәліметінше, 18 қыркүйек күні сағат 23:00-ден бастап 30 қыркүйекке дейін LRT желісіндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты Сығанақ көшесінің Мәңгілік Ел даңғылымен қиылысында көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
«Осы кезеңде көліктердің жүрісі екі бағытта да кезең-кезеңімен бір жағынан ұйымдастырылады. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – делінген хабарламада.