Мемлекет басшысы Ливерпуль қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатындағы (World Boxing) спорттық жоғары жетістіктері үшін бір топ спортшы мен бапкерді марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Құрмет» орденімен:
- Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің бокстан жаттықтырушысы Ислам Әбдірайымов;
- Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Аида Әбікеева;
- Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Алуа Балқыбекова;
- Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Наталья Богданова;
- Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің бокстан жаттықтырушысы Дастан Қабденов;
- Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының бокстан жаттықтырушысы Нұржан Насанов;
- Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Айбек Оралбай;
- Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы № 12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Ілияс Оралбеков;
- Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Махмұд Сабырхан;
- Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Төрехан Сабырхан;
- Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясы бокстан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Елдос Сайдалин;
- Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясы бокстан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов
- Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Санжар Тәшкенбай марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалі:
- Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Виктория Графееваға;
- Алматы қаласы спорт басқармасы №6 Олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер мамандандырылған мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы Нұрлан Мұхамбетқалиевқа;
- Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Елдана Тәліповаға берілді.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Алғысы:
- Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының бокстан жаттықтырушысы Асқар Еркебаевқа;
- Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Назым Қызайбайға;
- Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының бокстан жаттықтырушысы Долкунжан Камековке жарияланды.