Қылмыстық арна: Екібастұз қаласына қай өңірлерден есірткі жеткізілетіні анықталды

Автор: Асыл Арман

Жедел уәкілдер есірткі тасымалдаудың бағыттары мен тәсілдерін анықтады

Фото: Екібастұз ПД

Екібастұз қаласына қай өңірлерден ірі көлемде есірткі жеткізілетіні анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Екібастұзға есірткі заттарын жеткізудің ірі арнасы Павлодар облысы және Ұлытау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі қызметкерлерімен бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тоқтатылды.

Есірткі жеткізу арнасы анықталды. Жедел уәкілдер есірткі тасымалдаудың бағыттары мен тәсілдерін анықтады, есірткі топтарының мүшелері есірткіні сақтау үшін өндірістік кооперативті пайдаланған. Тінту барысында шамамен 64 кг есірткі заттары тәркіленді.

«Есірткіні аса ірі мөлшерде өткізгені және сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Есірткі арнасын ұйымдастырушы соттың санкциясымен қамауға алынды. Сондай-ақ, ұстау кезінде, медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ұсталғандарда каннабиноидтарды қолдану фактілері анықталды, ол үшін оларға қатысты әкімшілік материалдар жасалды», – делінген хабарламада.