Тақия мен «Қазақстан» шоколады сыйға берілді: әйгілі Backstreet Boys Алматыға келді («ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Олар 19 қыркүйекте Орталық стадионда өнер көрсетеді

Фото: Видеодан скрин

Аңызға айналған поп-топ Backstreet Boys 18 қыркүйекке қараған түнде Алматыға келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұшақтан қонған бетте топты жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алып, оларға қазақы тақия мен «Қазақстан» шоколады сыйға берілді.

Бүгін топ мүшелері демалып, Алматыны аралауы мүмкін. Ал ертең 19 қыркүйекте, Орталық стадионда жоспарланған концерт өтеді. Стадионның есігі 15:00-ден бастап ашылады, шоу сағат 20:00-де басталады.

Backstreet Boys Алматыдан кейін Астанада өнер көрсетеді: 21 қыркүйекте олар Астана Аренада жанкүйерлерінің алдына шығады.