Олардың есірткі қылмысына және аса ауыр қылмысқа қатысы бары анықталды
Алматыда полицейлер екі шетел азаматын қолға түсірді. Олардың мемлекетаралық іздеуде болғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі ҚР ІІМ-ге сілтеме жасап.
Қаланың көлік полициясы департаментінің қызметкерлері «Құқық қорғау» және «Заңсыздық» жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында іздеудегі азаматтарды анықтап, ұстады.
«Екі адамның да жүрген жері анықталып, олар қамауға алынды. Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іздеуді бастаған мемлекеттерге хабар берілді, экстрадициялау бойынша жұмыс жүріп жатыр», – делінген полиция хабарламасында.
Сонымен қатар, іс-шара барысында полицейлер: