Көрермендерді жеткізу сағат 16:00-ден басталады
Астанада 21 қыркүйек күні әйгілі Backstreet Boys тобының концерті өтеді. Қала әкімдігі көрермендердің ыңғайлылығы үшін бұл күні арнайы автобустар ұйымдастыратын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әкімдік мәліметінше, шаттл-автобустар көрермендерді концерт өтетін «Астана Арена» стадионына жеткізеді.
Көрермендерді жеткізу сағат 16:00-ден бастап бес аялдамадан басталады:
«Қосымша шаттл-маршруттардың ұйымдастырылуы жолдағы көлік кептелісін азайтып, қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығын қамтамасыз етеді», – делінген әкімдік хабарламасында.