Жедел жәрдем көлігі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен
Алматыда бүгін шамамен таңғы сағат 04:20 шамасында жедел жәрдем көлігі мен Audi 100 автокөлігі соқтығысып қалды. Салдарынан екі адам зардап шекті. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Алатау ауданында болған жол апаты кезінде жедел жәрдем жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Салдарынан «жедел жәрдем» оңтүстік бағытта келе жатқан Audi 100 көлігімен соқтығысқан.
Полицияның мәліметінше, жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жедел жәрдем көлігіндегі жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Telegram-арнаның мәліметінше, зардап шеккен әйел жедел жәрдем көлігінде баласын алып бара жатқан. Жол апатынан кейін бүлдіршінді басқа көлікпен әрі қарай жеткізген.
Қазір оқиға бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.