Қызылордада көшеде тырдай жалаңаш жүрген ер адам соттан бір-ақ шықты

Автор: Мөлдір Қазыбай

Қоғамдық орында жалаңаш жүрген ер адам 55 мың теңге айыппұл төлемек

Көрнекі фото: Ақтауда түсірілген видеодан скрин

Қызылордада ер адам көшеде жалаңаш жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол 55 048 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық соттың мәліметінше, іс арнайы әкімшілік сотта қаралды. Іс материалдарына сәйкес, азамат қоғамдық орында – көшеде киімсіз жүрген. Бұл әрекеті айналасындағыларға құрметсіздік көрсету ретінде бағаланды.

Сотта ер адам кінәсін толық мойындап, істегеніне өкінетінін жеткізді және мұндайды қайталамауға уәде берді.

Соттың қаулысымен ол ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, айыппұл салынды.