Маңғыстауда мейрамхана тұтынушыға бронь ақшасын қайтаруға міндеттелді
Егер той өтпеген жағдайда әрі уақытынан бұрын ескертілсе, мейрамхана алдын ала төленген ақшаны қайтаруға міндетті. Мұнайлы ауданындағы оқиға осыған нақты дәлел болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында болған оқиғаны мысал ретінде келтірді.
Белгілі болғандай, 2025 жылдың 10 тамызында азаматша мейрамханада той өткізу үшін 30 000 теңге бронь ретінде қолма-қол төлейді. Бұл кезде ешқандай түбіртек те, келісімшарт та берілмеген.
Той күні 14 қыркүйекке жоспарланған еді. Алайда, 10 қыркүйекте отбасындағы қайғылы жағдайға байланысты (жақын туысының қазасы) той болмайтыны белгілі болып, мейрамханаға алдын ала хабарланады.
Дегенмен, мекеме әкімшілігі ақшаны қайтарудан бас тартып, «ақша берілмейді» деп жауап берген.
ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына сәйкес:
Азаматша Маңғыстау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағым түсірген.
Нәтижесінде, ақша толық көлемде қайтарылып, тұтынушының құқығы қорғалды.