Банктер қазақстандықтардың шоттары мен қалдықтары туралы мәліметті салық органдарына береді
Қазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Соған сәйкес банктер қазақстандықтардың шоттары мен ақша айналымы туралы мәліметті салық органдарына беруге міндеттеледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құжат 29 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.
Жаңа ережеге сәйкес, банктер салық органдарының сұрауы бойынша 10 жұмыс күні ішінде мына ақпаратты ұсынуы тиіс:
Қаржы министрлігінің мәліметінше, бұл талап тек активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсыруға міндетті азаматтарға қатысты. Мұндай ереже банктерге 2018 жылдан бері қолданыста, сондықтан ол мүлде жаңа емес.
2025 жылғы шілдеден бастап Салық кодексіне қосымша тармақтар (13-1 және 13-2) енгізілді. Енді банктер міндетті:
Бұған дейін банктер тек активтер мен міндеттемелер бойынша декларация тапсыратындардың шоттары мен ақша қозғалысы жайлы хабарласа, енді талаптар күшейтілді: