$ 539.54  637.09  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Испания Израильге байланысты Eurovision байқауына байкот жариялауы мүмкін

Испания байқауға Израиль қатысса, байкот жариялайтынын мәлім етті

Испания Израильге байланысты Eurovision байқауына байкот жариялауы мүмкін
Фото: sbs.com

Израиль Газа секторында жасап жатқан қарулы әрекеті үшін «Евровидение» ән байқауынан шеттетілмесе, Испания да көптеген еуропалық елдер секілді қатысудан бас тартады. Бұл туралы Испанияның мәдениет министрі Эрнест Уртасун RNE радиосына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министр не айтты?

Уртасун Израильдің «Евровидение-2026» байқауына қатысу ықтималдығына алаңдаушылық білдірді.

«Егер біз Израильді байқаудан шеттете алмасақ, ал Ирландия, Словения, Исландия және Нидерланды секілді елдер қатысудан бас тартса, Испания да олардың жолын жалғауы тиіс», – деді министр.

Ол бұған дейін Мадридте веложарыс La Vuelta финалы Израильге қарсы наразылықтарға байланысты тоқтатылғанын еске салып, мәдени және спорттық шаралар геноцидті ақтамауы керек екенін атап өтті.

«Мәдени және спорт ұйымдары геноцидті қалыпты нәрсе ретінде көрсетпеуі тиіс», – деді Уртасун.

Саяси көзқарастар қақтығысы

Уртасун – билеуші коалицияның кіші серіктесі саналатын Sumar альянсының өкілі. Оның айтуынша, дәл осы партияның бастамасымен Испания соңғы айларда Израильге қатысты қатаң ұстаным танытып отыр.

Қатысудан бас тартатын елдер көбеюде

«Евровидение-2026» байқауына Израильдің қатысатыны белгілі болған кезде бірнеше ел өз шешімін қайта қарайтынын немесе мүлде бас тартатынын мәлімдеді.

  • Ирландия, Словения және Нидерланд елдері Израиль байқауға қатысса, келесі жылы ресми түрде бас тартатынын айтты.
  • Исландия, Бельгия және Испания – осындай шешім қабылдауы мүмкін екенін аңғартты.
Серіктес жаңалықтары