16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Синоптиктер болжамы белгілі болды

Фото: freepik.com

«Қазгидромет» РМК 16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, 16 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын күтіледі.

Ақмола, Алматы, Жетісу, Түркістан және Жамбыл облыстарында күн күркіреп, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Астанада күн бұлтты, түстен кейін жаңбыр жауады, ауа температурасы түнде +6…+8°С, күндіз +17…+19°С шамасында болады.

Алматыда таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, ауа +21…+23°С дейін жылынады.

Батыс өңірлерінде – Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында негізінен жауын-шашынсыз, бірақ кейбір аймақтарда тұман күтіледі. Түнгі ауа температурасы +5…+12°С аралығында болса, күндіз +18…+24°С-қа дейін көтеріледі.

Солтүстік және шығыс аймақтарда – Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы басым. Дегенмен, түнде және таңертең тұман түсіп, кей өңірлерде топырақ бетінде үсік жүреді. Түнгі температура +1…+8°С, күндіз +15…+22°С аралығында.