Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды
Алматыда бүгін шамамен 16:40-та Бостандық ауданында жүк көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба Telegram-арналарда жарияланды. Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, солтүстік бағытта қозғалып келе жатқан Shacman жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.
Полицияның мәліметінше, көлік газ тірегіне соғылып, ағаш пен бірнеше қоршауды қиратып, бір шетіне аударылып қалған.
«Жүк көлігінің жүргізушісі дене жарақаттарымен қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Жүргізуші жарақат алып, ауруханаға түсті, қазіргі жағдайы нақтыланып жатыр. Оқиға орнында Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері мен коммуналдық қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.
Оларға апаттың себептерін анықтап, зақымданған газ құбырын қалпына келтіру міндеттелді.