Нұр-Сұлтан қаласында да жел тұрып, күн күркірейді
Синоптиктер 23 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің тағы 4 облысында дауылды ескерту жариялады.
Ақмола облысында күн күркіреп, найзағай ойнайды. Солтүстіктен және солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрып, облыстың басым аумағында өрт қаупі сақталады.
Нұр-Сұлтан қаласында да дәл осындай жылдамдықпен жел тұрып, күн күркіреуі күтілуде.
Солтүстік Қазақстан облысында 23-24 маусым күндері жауын жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – 15-20 м/сек.
Түркістан мен Қызылорда облыстарында да 23 маусым күні дауылды жел тұрады. Түркістанда күндіз күн күркіреп, найзағай ойнауы мүмкін.