Еліміздің бес қаласында тұрғындар лас ауамен демалуға мәжбүр болады

Автор: Асыл Арман

Синоптиктер ескерту жасады

Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 15 қыркүйекте, еліміздің бес қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануы жоғары болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл жағдай зиянды қоспалардың жерге жақын ауа қабатында жиналып, таралмауына әсер ететін бірқатар метеожағдайға байланысты.

«2025 жылғы 15 қыркүйекте қолайсыз метеожағдайлар Өскемен, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана қаласында күтіледі», – деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.

ҚМЖ дегеніміз не және ол несімен қауіпті?

Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) – бұл:

  • Тымық ауа;
  • әлсіз жел;
  • тұман;
  • температуралық инверсия.

Олар ауадағы ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіріп, шоғырлануына себеп болады. Соның салдарынан ауа сапасы уақытша нашарлап, әсіресе тығыз қоныстанған аудандар мен өнеркәсіптік аймақтарда тұрғындар денсаулығына қауіп төндіреді.