Ол финалда жапониялық боксшымен күш сынасты
Қазақстандық тағы бір боксшы Төрехан Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінде чемпион атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта үздік атанды.
Төрехан ақтық жекпе-жекте жапониялық Сэвон Окадзавамен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен Төрехан Сабырхан үшінші раундта қарсыласынан айласын асырып, жеңісті суырып алды.
Осылайша, 19 жастағы Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.