Соңғы күндері үш бірдей жол апаты болды
Соңғы күндері Қазақстанда үш бірдей ірі жол апаты болып, 25 адамның өмірін қиды. ІІМ халыққа үндеу жасап, жолдағы жауапсыздық орны толмас қайғыға соқтыратынын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бұл жай ғана апат емес, орны толмас адам шығындары. Жол қателікті кешірмейді!» - деп мәлімдеді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұлов.
Министрлік ауқымды тексерістер мен рейдтер өткізуді, қалааралық тасымал мен жеке тасымалдаушыларды қатаң бақылауды қолға алды. Көліктің техникалық жағдайына және жүргізушілердің жауапкершілігіне ерекше назар аударылмақ.
«Жолдағы қауіпсіздік тек полицияға емес, әр жүргізушінің жеке жауапкершілігіне байланысты. Бір ғана қате шешім орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін», — деп ескертті ІІМ.