Астананың қақ ортасында жас жігіт көлігімен сағатына 265-пен жүрді (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Оқиғаның қашан болғаны әзірге белгісіз

Фото: istockphoto.com

Астананың қақ ортасында көпір үстінде көлігімен 200-ден асырып жүрген жүргізушінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның қашан болғаны әзірге белгісіз. Бірақ жүргізушінің Шәмші Қалдаяқов көшесінің бойындағы көпірмен жүйткіп бара жатқанын байқауға болады.

Видео әлеуметтік желіде жарияланып, жұрттың зәресін алды.

«Өзімен қоса ана өмірге басқаларды да алып кетпесе болғаны», «Рухани мүгедек», «Жүргізуші куәлігінен айырып, жаяу жүргізу керек», «Осындайлардың кесірінен неше түрлі айыппұлдар шығады», «Сергектің өзі таң қалған шығар», «Осы көпірде қаншама адам кетті», «Жүргізуші куәлігінен мәңгілікке айыру керек», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін Астанада Мәңгілік ел қақпасының алдында жүргізушінің 119 км/сағат жылдамдықпен жүргені, дрифт жасағаны туралы видео жарияланған.