Чемпионат Ливерпульде өтіп жатыр
Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Санжар Ташкенбай алтын жүлдеге ие болды. Бұл – Қазақстан құрамасының аталған біріншіліктегі алғашқы жеңісі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Финалда Санжар Ташкенбай моңғолиялық Алдаркхишига Баттулгумен кездесті. Қазақстандық былғары қолғап шебері алғашқы екі раундта қарсыласын 5:0 есебімен таза басымдықпен жеңіп, соңғы раундта артықшылығын шеберлікпен сақтап қалды.
23 жастағы Санжар Ташкенбай үшін бұл – мансабындағы екінші әлем чемпионы атағы. Ол алғаш рет 2023 жылы әлем біріншілігінде топ жарған болатын.