30 тонна шөп өртеніп кетті: ТЖМ шұғыл мәлімдеме жасады

Автор: Мөлдір Қазыбай

ТЖМ құтқарушылары өртенген шөпті сөндірді

Фото: ҚР ТЖМ

Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу облыстарында бір уақытта қысқа деп жиналған шөп өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ күштерімен 2 тоннадан бастап, 30 тоннаға дейін болатын шөптердің барлығын сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

«ТЖМ шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін еске салады», - делінген хабарламада.