«Учаске» шарасы барысында анықталды
Астана қаласында бір ғана Сарыарқа ауданында кальян шеккен 7 мыңнан астам адам ойламаған жерден айыппұл арқалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жеңіс және Сарыарқа даңғылдарында орналасқан мейрамхана мен компьютерлік клубта кальян шегіп отырған азаматтар ұсталды. 31 және 22 жастағы екі тұрғын ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицияның мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері Астанада заңсыз кальян тұтынудың 7 мыңнан астам дерегі тіркелген.
Астана қалалық Полиция департаменті қоғамдық орындарда кальян тұтынуға заңмен тыйым салынғанын ескертті. Тәртіп сақшылары тұрғындарды қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтап, өз денсаулығы мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.