Хувайдо-момоның жасы «Бірде-бір адам құжатсыз қалмайды» науқаны аясында расталды
Өзбекстанның Ферғана облысында 130 жастағы әжей тұрып жатыр. Бувайда ауданы Қарақұм махалласының тұрғыны Хувайдо-момо елдің ең қарт азаматы болып танылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ал кейбір БАҚ оны Жердің ең қарт тұрғыны деп атады.
Podrobno.uz сайтының хабарлауынша, Хувайдо-момоның жасы «Бірде-бір адам құжатсыз қалмайды» науқаны аясында расталды: әйел 1895 жылы 1 қаңтарда дүниеге келгені белгілі болды. Оған дейін оның туған күні еш жерде тіркелмеген. Бұл кемшілік аудандық әділет бөлімі сотқа жүгінген соң түзетілді.
Хувайдо-момо туралы БАҚ алғаш рет 2019 жылы жазды.
Көктемде Бразилияда ғаламшардың ең қарт тұрғыны Ина Канабарро Лукас 117 жасында қайтыс болды. Ол қайтыс болғаннан кейін планетаның ең қарт тұрғыны атағы британиялық 116 жастағы Этель Катерхэмге берілді.
Ал жасы ресми түрде расталған ең қарт адам француз Жанна Луиза Кальмант 122 жыл 164 күн өмір сүрген. Ол 1875 жылы 21 ақпанда дүниеге келіп, 1997 жылы 4 тамызда көз жұмды.