Таразда қылшылдаған жас жігіт анасын зорлап тастады деген күдікке ілінді

Автор: Асыл Арман

Жас жігіт қазіргі уақытта қамауға алынды

Фото: istockphoto.com

Таразда 22 жастағы қылшылдаған жас жігіт анасын зорлап тастады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желідегі мәліметке жүгінсек, жас жігіттің жұмыссыз жүргені, Полиция департаментіне 41 жастағы әйел адам зорлағаны туралы арыз түсіргені белгілі болды.

Агенттік тілшісі Жамбыл облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты арнайы жүгінгенде ведомство жағымсыз іске қатысты іс қозғалғанын ресми түрде растап, мынандай пікір білдірді:

«Бұл дерекке қатысты Тараз қалалық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер 22 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі уақытта істі жан-жақты, толық әрі объективті тергеу үшін барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», – делінген Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде.