«Қазгидромет» 12 қыркүйек, жұмаға жасалған ауа райы болжамын ұсынды
Синоптиктердің болжауынша Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, жел күшейеді, найзағай ойнайды, осыған байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астанада тұман түседі.
Алматы, Қонаев және Атырау қалаларында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтау қаласында, Атырау облысында найзағай ойнайды, өте жоғары өрт қаупі бар.
Алматы, Ақтөбе облыстарында жел күшейіп, төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылордада, Қызылорда облысында күн күркіреп, шаңды дауыл соғады, жел күшейіп, төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде қатты жаңбыр, жабысқақ қар жауады, найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейеді.
Семей, Қарағанды қалаларында, Ұлытау, Абай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, төтенше өрт қаупі сақталады.