Биыл ең үлгілі ауыл атанып отырған Бейнеу ауылының 57 мыңнан астам халқы бар
Маңғыстау облысында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Конкурс ауылдық елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылуы, инфрақұрылымдық жағдайы, тұрғындардың белсенділігі, мәдениет, спорт және білім салаларындағы жетістіктері бойынша бағаланды. Жарысқа 5 ауданнан 39 ауыл қатысып, ақтық кезеңде 10 ауыл бақ сынады.
«Ауылдар арасындағы бәсекенің қорытындысы бойынша 7 елді мекен үздік деп танылып, қаржылай сертификатқа ие болды», - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, 3 мыңнан астам халқы бар ауылдар арасынан:
Сонымен қатар Маңғыстау ауданының Шетпе ауылы ынталандыру сыйлығына (2 млн теңге) ие болды. Ал 3 мыңнан аз тұрғыны бар ауылдар арасында:
Жеңімпаз атанған ауылдарға берілген қаржы сол ауылды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына және инфрақұрылымын жақсартуға жұмсалады.
Айта кетері, биыл ең үлгілі ауыл атанып отырған Бейнеу ауылының 57 мыңнан астам халқы бар, жұмыссыздық деңгейі 2,8 пайызды құрайды. Ауылда 12 мектеп, 19 балабақша, аурухана мен мәдениет үйі жұмыс істейді. Сондай-ақ 685 кәсіпкерлік нысан бар. Бейнеу ауылы толықтай электр энергиясымен, ауыз сумен және табиғи газбен қамтылған.