Францияда экономикалық саясатқа қарсы жаппай наразылық өршіп жатыр

Автор: Аягөз Құрмаш

Наразылықтарға 100 мыңға жуық адам қатысуы мүмкін 

Фото: видеодан скриншот

Францияда үкіметтің экономикалық саясатына қарсы басталған жаппай наразылық акциялары елдің көптеген қаласын қамтыды. «Барлығын бұғаттаймыз!» ұранымен шыққан шерулер барысында шамамен 200 адам ұсталды, олардың басым бөлігі Париж бен оның маңында, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ішкі істер министрлігі ел бойынша наразылықтарға 100 мыңға жуық адам қатысуы мүмкін деп болжап отыр. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін 80 мың полиция мен жандарм жұмылдырылған. Министр Брюно Ретайо тәртіп сақшыларына кез келген заң бұзуды қатаң басып-жаншу туралы нұсқау берген.

Қазірдің өзінде 80-ге жуық акция тіркелді, оған 3 мыңнан астам адам қатысқан. Наразылықтар көлік қатынасына да әсер етуде: Париждің Солтүстік вокзалында қауіпсіздік күшейтілді, Тулузада пойыз қозғалысы тоқтады, Марсельде трамвай жұмысы бұзылды, Реннде демонстранттар айналма жолды жапты.

Ниццадағы университет кампустары уақытша жабылса, Лионда полицияға тас лақтырылған. Сонымен қатар, «Сары жейделілер» қозғалысының өкілдері де акцияларға қосылған.

10 қыркүйекте өткен бұл наразылықтар бұрынғы премьер-министр Франсуа Байру ұсынған қатаң үнемдеу шараларына қарсы ұйымдастырылды. Оның жоспарына бірнеше мемлекеттік мерекені жұмыс күніне айналдыру және бюджетке 44 млрд еуро үнемдеу енгізілген болатын.