Оқиға 10 қыркүйек күні болды
Павлодар облысында скутер мінген адам ЗИЛ-дің астына түсіп, алған жарақатына байланысты ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаның бүгін болғаны белгілі болды. Оқыс жағдайды облыстық Полиция департаменті растап, ресми пікір білдірді.
«Полиция «Кенжекөл – Павлодар» автожолында болған жол-көлік оқиғасы бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. 10 қыркүйек күні скутер мінген мотокөлік жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын асырып, ЗИЛ маркалы көлікпен соқтығысқан.
ЖКО салдарынан скутер жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.