Оқиғаның Түркиядағы әуежайда болғаны айтылды
Қазақстанның бірнеше азаматы Түркияның Анталия қаласындағы әуежайда жаппай төбелескені туралы видео тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаппай төбелескендердің арасында нәзікжандылардың да болғаны белгілі болды.
Қақтығыстың нақты себебі әзірге белгісіз. Ал желідегі мәліметке сүйенсек, терминал алдындағы кезекке байланысты дау туындаған. Ал оның соңы жаппай төбелеске себеп болды.
Айта кетейік, кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөз айтатын әйелдерді сынағаны хабарланған болатын.