Таразда әпкелі-сіңлілі қыздар пәтер үшін бір-бірін сотқа берді

Автор: Асыл Арман

Даудың басы жекешелендірілген пәтер болды

Фото: istockphoto.com

Жоғарғы сот Таразда туған әпкелі-сіңлілінің арасындағы дауды қарады. Мектеп мұғалімі 2003 жылы жекешелендіріп алған пәтерінен туған сіңлісінің отбасын шығару туралы талап арыз түсірген. Даулы пәтерде жеті адам, оның ішінде балалар да тұрған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сіңлісінің уәжі

Жауапкер әпкесіне қарсы талап қойып, пәтерге меншік құқығын өзіне бекітуді сұрады. Оның айтуынша, 2002 жылдан бері отбасы сол жерде тұрып келеді. Үйді күтіп ұстау шығындарын төлеп, жөндеу жұмысын жүргізген. Сонымен қатар әпкесінің нотариалды сенімхаты негізінде пәтерді басқарған.

Соттың шешімі

Куәгерлердің айғақтары мен құжаттарды зерттеген сот пәтерді иеленудің ашық, адал және үздіксіз болғанын анықтады. Азаматтық кодекстің 240-бабына сәйкес, бұл меншік құқығын тануға негіз болып саналады.

Нәтижесінде сот мұғалімнің талабын қанағаттандырмай, сіңлісінің пәтерге меншік құқығын қалпына келтірді. Шешім заңды күшіне енді.