Әлеуметтік желідегі видео тексерілуде
Қарағандыда полиция әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында көпқабатты үйдің төбесіне белгісіз жасөспірім кірпіш қалап жүргенін көрсететін бейнежазбаны анықтады. Бұл әрекет тұрғындардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретіні хабарланды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Қазіргі уақытта құқық бұзушының жеке басы анықталуда. Ол белгілі болған жағдайда, жасөспірімнің ата-анасы бала тәрбиесіне тиісті деңгейде көңіл бөлмегені үшін заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Қарағанды облыстық полиция департаменті тұрғындарға қауіп төндіретін кез келген әрекеттердің жолын кеспек. Сондай-ақ ата-аналарға балалардың жүріс-тұрысын мұқият бақылап, мұндай заңбұзушылықтарға жол бермеу қажеттігін қатаң еске салды.