ІІМ «Қарасора-2025» операциясын жүргізіп жатыр
Ішкі істер министрлігі «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізіп келеді. Негізгі мақсат – есірткі өсімдіктерінің табиғи ошақтары мен заңсыз егістерін жою, есірткі зертханалары мен жеткізу арналарының жолын кесу және ұйымдасқан қылмыстық топтарды әшкерелеу, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Операцияға ІІМ-нің арнайы бөлімшелері мен Ұлттық ұлан тартылды. Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен тікұшақтар белсенді қолданылып, үш ай ішінде 40 әуе ұшуы жасалды. Нәтижесінде:
Ұлытау облысында оңтүстіктен орталық пен солтүстікке жеткізу арнасы тоқтатылып, құрамында 4 адам бар қылмыстық топ ұсталды. Олардан қару-жарақ пен 103 келі марихуана алынды. Жамбыл облысында 206 келіден астам марихуана дайындаған 2 азамат қолға түсті. БҚО-да жылыжайда өсірілген қарасора табылып, 135 келі есірткі жойылды. Түркістан облысында арнайы топ 650 келіден астам қарасора мен 48 келі көкнәр тәркіледі. Сондай-ақ Жезқазған мен Сәтбаевта заңсыз тасымалданған 43 тоннадан астам көкнәр анықталды.
«Қарасора-2025» операциясының нәтижесінде:
ІІМ атап өткендей, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл кешенді әрі жүйелі түрде жалғаса береді.